Нұрсұлтан Арқабайұлы Исабеков Тараз қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Нұрсұлтан Исабеков 1990 жылы 24 сәуірде Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Ащыбұлақ ауылында дүниеге келген.
2009 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының жанындағы Құрылыс және дизайн колледжінің «үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану» мамандығы және 2013 жылы Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол академиясын «тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
Алғашқы еңбек жолын 2011 жылы Жамбыл облысы, Тараз қаласында “ГАПП” ЖШС техник-жобалаушысы болып бастаған.
2012-2015 жылдары “Табыс- Жоба” ЖШС бас инженері;
2015-2021 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің технигі, іс жүргізушісі;
2021-2023 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің жоспарлау және қала аумағын соғу секторының бас маманы;
2023-2024 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы;
2024 жылдың 16 қазанынан бастап №374-ж/қ қала әкімінің өкімімен Тараз қаласы әкімінің орынбасары болып (коммуналдық шаруашылық, көгалдандыру, көлік, тұрғын үй қатынастары, жер қатынастары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы сұрақтары бойынша) тағайындалды.