Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әдебиеттің алыбы – Әбдіжәміл

0 49

Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Халық жазушысы – Әбдіжәміл Нұрпейісов» тақырыбында танымдық кеш өтті. Қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы, ХХ ғасырдағы қазақ прозасының классигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына 100 жыл толуына орай өткен шараға оқу ордасының студенттері қатысты.

Танымдық кеште оқырмандарға жазушының өнегелі өмірінен бейнебаян көрсетіліп, қазақ  әдебиетінің дамуына  қосқан  ауқымды еңбектері туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ жазушының қаламынан шыққан «Курляндия», «Қан мен тер», «Соңғы парыз» шығармаларынан үзінділер келтіріліп, оқырмандар арасында кеңінен насихатталды.

Шара соңында оқырмандар халық жазушысының және ол туралы жазылған ақын-жазушылардың қанатты сөздерін айтып, тақырыпқа сай жасалған кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.