Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда экологиялық акция бастау алды

0 448
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, бүгін Жамбыл облысында республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза аула. Таза өлке. Таза ел!» экологиялық науқаны бастау алды.
Аталған акцияға орай Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, шаһар басшысы Бақытжан Орынбеков, облыстық және қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері, мәдениет қайраткерлері, спортшылар мен белсенді жастар Ы. Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінің аумағындағы «Әуендер аллеясына» тал егіп, санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ осы күні жалпы қала бойынша Рысбек батыр және Рахимов көшелерінде ағымдағы жол жөндеу, Рахимов, Т.Рысқұлов көшелерінде арық тазалау және тал балақтау, Төле би, Абай даңғылдарында шөп ору жұмыстары жасалды.
Сонымен қатар бүгін акция шеңберінде «Мамыр» тоғайында тазалық, арықтарды тазарту, талдарды балақтау, жаяу жүргіншілер жолын тазарту және тоғай ішіндегі «Сеңкібай» каналының бойын тазарту жұмыстарын ұйымдастыру жоспарлануда.
Жалпы республика көлемінде ұйымдастырылған ауқымды акцияның аясында Тараз қаласы мен өңірдің барлық ауданында 5 апта бойы экологиялық іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Олардың әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа арналған.
•Айталық, алғашқысы – «Таза өлке». Бұл аптада елді мекендердің тұрғындары, қоғам қайраткерлері, ұйымдардың қызметкерлері өз аумағындағы аулаларды тазалайды.
•Екіншісі – «Киелі мекен». Екінші апта тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға арналады.
•Үшіншісі – «Жасыл аймақ». Бұл аптада көшет отырғызу, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізіледі.
•Төртіншісі – «Өнегелі ұрпақ». Акцияның төртінші аптасында ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумағын тазалау, абаттандырылады.
•Бесіншісі – «Мөлдір бұлақ». Акцияның соңғы аптасында өзендер мен көлдер қоқыстан тазартылады.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.