Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясына меркіліктер де атсалысты

0 393

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына Меркі ауданы жұртшылығы да белсенділікпен атсалысты.
Рухани жаңару мен тазалықтың мейрамында өткен ауқымды іс-шараға аудан әкімі Жорабек Баубеков бастаған мекеме қызметкерлері, қоғамдық жұмысшылар және еріктілер қатысты.
Акция аясында алдымен тау шатқалындағы үңгірдің айналысы тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Табиғат ананы аялауға арналған акция барысында тау шатқалы аумағынан 100 қаптан аса қоқыс шығарылды.
Аудан әкімі тау шатқалындағы үңгір өлкеміздің табиғи ерекшелігі екенін атап өтіп, оның айналасын абаттандыру бойынша жоба дайындауды округ әкімі Ғазиз Байарыстанға тапсырды.
Бұл күні ауданның барлық ауылдық округінде сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Жамбыл ауылындағы Сыпайтай батыр ескерткішінің айналасына тазалық жұмыстары жүргізіліп, округ бойынша 300 дана раушан гүлі егілді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.