Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алатау көшесіне асфальт төселуде

0 218

Тараз қаласында жолдарды жөндеуге ерекше көңіл бөлінуде. Әсіресе бұрын-соңды жол игілігін көрмеген аумақтарға айрықша назар аударылуда.

Соның бірі – «Тастақ» тұрғын алқабы (Толчок). Бүгінде мұндағы Алатау көшесінің 1-ші бұрылысы (мешіттен №27 үйге дейін), Жанболатов көшесінің тұйығы (Алатау көшесі, 2-ші бұрылысынан №10 үйге дейін) және Пригородный көшесінің бұрылысы орташа жөндеуден өткізілуде. Бірер күн бұрын осында жол негіздемесі дайындалған болатын. Енді күні кеше алқаптағы Алатау көшесіне асфальт төселді.
Құрылыстың мердігері – «КАТСА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, техникалық қадағалаушы – «Құрылыс Сауда ЭКСПО» ЖШС. Құрылыс жұмыстары жүретін жолдың ұзындығы 1 шақырым 520 метрді құрайды.
Шамалы күнде қалған көшелерге де асфальт жабындысын төсеу жоспарлануда.

Құрмаш Қаптағай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.