Қалалық қоғамдық-саяси газет

Шалғай Қарасудағы мәселелер шешімін табады

0 243

Кеше қала әкімі Бақытжан Орынбеков «Шалғай Қарасу» алқабының тұрғындарымен кездесті. Мұндағы халықты көптен бері ауыз су, жол, көше жарығы, жаяу жүргіншілер жолы, спорт алаңшаларының мәселелері толғандырып келеді. Барлық сауалдарды мұқият тыңдаған шаһар басшысы көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.

– Бұл алқаптағы әрбір мәселе маған жақсы таныс. Қазіргі таңда осы бағыттағы біршама жұмыстарды қолға алудамыз. Айталық, келер жылы мұнда ауыз су жүйесі тартылады. Ал көшелерге асфальт төсеуді 2025 жылға жоспарлап отырмыз. Ешқандай мәселе бір күнде шешіле салмайды, мұның барлығына уақыт керек. Ең әуелі жоба әзірленіп, ол сараптамадан өтеді. Келесі кезекте сол жоба бойынша бюджетке өтінім беріледі. Сондықтан сіздерден шыдам- дылық танытуды сұраймын. Көше жарығы бойынша да айтарым – осы. Бүгінгі күні шаһар бойынша 500-ден астам көшеге түнгі жарық шамдары қажет. Бұл түйткілдердің барлығының қаланың 3 жылға арналған даму жоспары аясында түйіні тарқатылады, – деген қала әкімі жауапты бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар жүктеді.
Тұрғындар да өз кезегінде өтініш-тілектеріне ден қойған шаһар басшысына алғыстарын білдірді.

Құрбанәлі Аманкелдіұлы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.