Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жолдарды орташа жөндеу жұмыстары жүруде

0 843

Тіршіліктің күретамыры саналатын жол тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыратыны анық. Бұл өз кезегінде шаһарға туристердің ағылып келуіне де ықпал етері айқын.
Бүгінде облыс орталығында жол жөндеу жұмыстары қарқын алуда. Атап айтсақ, «Орман» тұрғын алқабында ұзындығы 1,83 шақырым, ені 3-6 метр аралағындағы жолды орташа жөндеу жұмыстары жүруде. Қазіргі таңда «KATSA» ЖШС мердігерлігімен аталмыш алқапқа асфальт 70 пайыз төселді.
Шу, Бурненская, Аса, Дальная көшелеріне де орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталмыш көшелерде асфальт салуға жол негіздемесі төселуде. Сонымен қатар Жамбыл және Төле би даңғылдары, Т.Пірімқұлов көшесі мен «Ұлы дала» ықшамауданына кіреберіс жолдарын да жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл іске тұрғындар да дән риза.
Жалпы бекітілген кестеге сәйкес, алдағы уақытта жол жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен аяқталады.

Жұмаш Жолболды

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.