Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда сауықтыру орталығында интимдік қызмет ұсынатын притон жұмыс істеген

0 348

Таразда сауықтыру орталығында притон ұйымдастырған 38 жастағы тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Притон Жамбыл облысы аумағында өтіп жатқан «STOP-трафик» шарасының аясында анықталды. Полиция бөліміне жезөкшелікпен айналысқан 18 қыз жеткізілген.

Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 309-бабы 1-бөлігі (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталған азамат кінәсін толық мойындады. Ақшалай қаражат түріндегі заттай дәлелдемелер және келушілерді есепке алу журналы алынды.

Ал ұсталған қыздар дактилоскопиядан өтіп, профилактикалық есепке қойылған.

Еске салайық, Алматы полицейлері жезөкшелікпен айналысқан төрт притонды анықтаған еді. ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, притондардың бәрі өзгенің назарын аудармайтын жеке коттедж немесе қарапайым үй тәріздес болып көрінген.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.