Ақбота-Нұр Сейтмағамбет өзі жайлы деректермен бөлісті. Ол қырсық әрі өзімшіл екенін ашық айтты, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Instagram-да сұрақ-жауап ұйымдастырған актриса өзі туралы 10 фактіні келтірді.
«Ерке, қырсық, қайсар (айтқанымнан қайтпаймын), шыншыл (әділ), арманшыл (қиялыма ерік беремін), бауырмал, арасында өзімшілмін. Кейбіреулер мейіріміді деп жатады. Күштімін (ұлым үнемі солай айтады). Адалға адалмын», – деді Ақбота-Нұр.
Одан бөлек, сылқым ешкімге еліктегісі келмейтінін мәлімдеді.
«Жалпы мен біреудің көшірмесі болып, оларға еліктейтін адамдар қатарынан емеспін. Әр адам – жеке тұлға болғаны дұрыс деп есептеймін. Дегенмен жақсы адамның жақсы қасиетін бойға сіңірген де жөн», – деді ол.