Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тату елдің тұғыры әркез биік

0 1  889

Дина НҰРАЛИЕВА,
«Вынхуа» дүнгендер қауымдастығының мүшесі,
№34 орта мектептің директоры

Көктем келіп, айнала өзгеше сұлуланып, жер беті көк кілемге жабылғанда елімізде тамаша мереке тойланады. Ол – Алғыс айту күні. Бұл күн – тәуелсіз Қазақстанды құру жолында қаншама маңдай терін төккен жандардың бір-біріне ризашылығын білдіріп, алғысын айтып, құрмет көрсету күні.

Адамзат баласын жақындастыратын құнды қасиет – адамгершілігі. Адамгершілігі мықты жанның әркез өзгелерге көмектесіп, алғыс арқалайтыны анық. Бір-бірімізге алғыс айту арқылы арамыз- дағы сүйіспеншілік пен махаббатты нығайта түсеміз. Бұл мерекенің басты мақсаты – өскелең ұрпағымыздың дос- тығы мен бір-біріне деген құрметін арттыру. Мен өз елімде еркін өмір сүріп жатқаным үшін Қазақстан халқына, бар мейірімімен тәрбиелеген ата-анама алғыс айтамын. Басты байлығым – балаларыма, әріптестеріме, «ұстаз» деген ұлық атқа лайықты жандарға рақметімді жаудырғым келеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.