Қалалық қоғамдық-саяси газет

Халық қалаулысы оқу орталығының жұмысымен танысты

0 375

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Nur Oran» партиясы фракциясының мүшесі Гүлдара Нұрымова «Интеллектум» оқу орталығының жұмысымен танысты. «Интеллектум» оқу орталығының директоры Айгүл Сахыбаева орталықтың жұмысымен таныстырып, ұсыныстарын айтты.
Көтерген мәселелерге тоқталар болсақ:
1.Интеллектум сыныбын қаламыздағы мемлекеттік мектептерінен ашу;
2. Интеллектум ойындары арқылы оқушыларға психологиялық диагностика жасау;
3.Қаламыздағы логопед, дефектолог, психологтарды ойын терапиясына және интеллектум ойындарына үйрету;
4.Балалар жылына орай балаларға жаңашыл, интеллектуалды, инновациялық ойындармен ойнауға мүмкіндік беру;
5.Ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс жасау барысында интеллектум ойындары арқылы коррекциялық жұмыс нәтижелерімен бөлісу;
6.Заманауи ойындар арқылы ата-аналарға,оқытушыларға,тәрбиешілерге арналған семинар-тренинг ұйымдастыру;
7.Бұл ойындардың облысымызда аналогы жоқ болғандықтан, ойындар арқылы балалардың өзіндік бағалауын арттыру, есте сақтау қабілетін жақсарту, жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу.
Өз кезегінде Гүлдара Алданышқызы аталмыш мәселелер бойынша депутаттық сауалмен хат жолдап, жауапты министрлікке де жеткізетінін айтты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.