Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бірқатар нысандардың жұмысымен танысты

0 936

Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев кезекті рет қаладағы бірнеше нысанды аралап, жұмысымен танысты.

Алдымен шаһар басшысы №56 орта мектепте орналасқан шағын орталықтың жағдайын көрді. Орталық кішігірім болғанымен, ішінде балаларға қажетті барлық жағдай жасалған. Өз кезегінде қала әкімі тиісті бөлім басшыларына шағын мектептің сыйымдылығын арттыру және маңына демалыс скверін салу бойынша саралау жұмысын жүргізуді тапсырды.
Келесі кезекте қала әкімі «125 HIGH SCHOOL» жеке мектебіне ат басын бұрды. Аталған мектеп тек өңірде емес, бүкіл Қазақстанға эффективтік оқу әдістемесі мен білімгерлердің оқудағы жоғары көрсеткішімен танымал. Мектеп директорының айтуынша, оқу орнының филиалдарын көрші мемлекеттерден де ашу көзделуде екен.
Бұдан кейін «Беркенова» ЖК-нің декоротивті тастар, ұлттық нақыштағы ағаш ыдыс- тар өңдеу цехының жұмысымен танысқан қала әкімі жеке кәсіпкердің жұмысына жоғары баға беріп, ісіне сәттілік тілеп, өз ісін бастаған азаматтарымызды қолдайтынын жеткізді.

Рахманбек Дінасыл
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
журналистика мамандығының 4 курс студенті

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.