Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ата-анасынан қорыққан: Қарағанды облысында бала асқазанындағы инемен екі күн жүрген

0 135

Қарағанды облысындағы Қаражал қаласында 10 жастағы бала ине жұтып қойған. Алайда ата-анасына айтуға қорыққан ол екі күн бойы ешкімге тіс жармаған. Дәрігерлер инені алып тастаған, қазір баланың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасында мәлімдегендей, бала ауруханаға 12 қаңтарда түскен. Ол қозғалыс кезінде асқазанының ауыратынын және асқазанында ине бар екенін айтқан.

Баланың әкесі оның екі күн бұрын ойнап отырып ине жұтып қойғанын жеткізген. Әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде баланың ата-анасынан қорыққандықтан ешкімге тіс жармағаны жазылған.

Рентген асқазан-ішек жолында иненің тұрып қалғанын көрсеткен. Қауіпті затты дәрігерлер алып тастады, қазір баланың өміріне қауіп тұрған жоқ.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.