Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Шеттікісің бе?»: Қазақстандықтар жерлес шенеуніктердің жоғары лауазымға ие болуын қызу талқылауда

0 135

Бүгін Ерлан Қошанов Мәжіліс спикері болып сайланды. Ресми ақпарат тарағаннан кейін желі қолданушылары осымен Қарағанды облысындағы Шет ауданының үшінші тумасы жоғары лауазымға сайланғанын жарыса жазған. Әрі «Сен Шеттікісің бе?» деген сынды әзілдер де тараған. Stan.kz тілшісі жоғары лауазымда отырған Шет ауданының өзге де тумалары жайлы ақпарат іздеп көрді.

Қарағанды облысындағы Шет ауданыны 1928 жылы құрылған. Ал 1997 жылы көршілес Ақадыр ауданымен біріктірілген. Аудан орталығы – Ақсу-Аюлы ауылы.

Ерлан Жақанұлы Қошанов 1962 жылы 14 тамызда Шет ауданының орталығы Ақсу-Аюлыда дүниеге келген. Қарапайым слесарь қызметінен бастаған Қошанов бүгін мәжіліс төрағасы қызметіне сайланды. Бұған дейін ол Президент Әкімшілігінің төрағасы, Қарағанды облысының әкімі сынды қызметтерді атқарған.

Жоғары лауазымдағы Шет ауданының тумаларының бірі – Марат Ахметжанов. Ол 2021 жылдың 16 сәуірінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымына сайланған.

Ашық дереккөздерде Марат Ахметжановтың 1964 жылы Жезқазған облысы Ақадыр ауданында дүниеге келгені жазылған.  Ахметжанов ҚР Бас прокурорының орынбасары, Павлодар және Түркістан облыстарының прокуроры қызметтерін атқарған.

Шет ауданының келесі тумасы – Нұрлан Әбдіров. Ол президент қаулысына сәйкес 2022 жылдың 25 қаңтарында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы қызметіне тағайындалды.

Нұрлан Әбдіров 1961 жылы 12 қаңтарда Қарағанды облысының Шет ауданында дүниеге келген. Әбдіров Мәжіліс – төрағасы Ерлан Қошановтың ауылдасы, яғни Ақсу-Аюлы ауылының тумасы.

Нұрлан Әбдіров Орталық сайлау комиссиясын басқарғанға дейін Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары, амнистися жөніндегі комиссия мүшесі сынды лауазымды міндеттерді атқарған.

Шет ауданында саясаткерлерден бөлек өзге де белгілі тұлғалар, композиторлар мен сал-серілер дүниеге келген. Олардың қатарында Киікті станциясында туған жазушы, драматург Софы Сматаев, композитор, ұста, сәулетші Ақтентек сері Бәйтілесұлы, ақын, діни қайраткер Шортанбай Қанайұлы, күйшілер Қыздарбек Төребайұлы мен Кәрібек Бейсенұлы бар.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.