“Комсомольская правда – Қазақстан” газетінің бас редакторы Виктор Қияница 57 жасында көз жұмды. Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасы ақпаратты растады, деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Виктор Қияница – “Алтын жұлдыз” конкурсының лауреаты, Мемлекет басшысының қызметін жан-жақты түсіндіргені және жария еткені үшін Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлығының иегері (2019), Қазақстан Республикасы Журналистика Академиясының академигі марапаттарын алған.
“Қазақстандық журналистика кезекті ауыр шығынға ұшырады – отандық медиа саласының майталмандарының бірі, талантты редактор және медиаменеджер Виктор Кияница қайтыс болды, – деп жазды ҚР АҚДМ басшысы Аида Балаева Facebook-те.
Кияница Виктор Витальевич 1964 жылы 4 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген. М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін “Журналистика” мамандығы бойынша бітірген.
Журналистік қызметін “Комсомольская правда” газетінің тілшісі болып бастады. 90-жылдардың басында Қазақстан және Орта Азия бойынша “Московские новости” газетінің, кейін Қазақстандағы “Огонек” журналының тілшісі болып жұмыс істеді. 1997-1998 жылдары Gala-TV телекомпаниясының шеф-редакторы қызметін атқарды, 1998 жылы “Хабар” агенттігінің “Жеті күн”бағдарламасының жетекшісі болды.
1998-1999 жылдары Қияница премьер-министрдің баспасөз қызметін, содан кейін 2000-2001- жылдары Нұрсұлтан Назарбаев білім беру қорының қоғамдық байланыстар орталығының баспасөз қызметін басқарды.
2001-2002 жылдары “Мұнай және газ көлігі” жақ қоғаммен байланыс департаментін басқарды.
2002-2003 жылдары Қазақстандағы” Комсомольская правда ” ЖШС Бас директоры болды. Содан кейін “ҚазМұнайГаз”ұлттық компаниясының баспасөз қызметінде біраз үзіліспен жұмыс істеді.
2005 жылы “Страна и мир” газетінің бас редакторы болды (2005). Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі болды.
Оның соңғы лауазымы “Комсомольская правда – Қазақстан” газетінің бас редакторы болды.