Түркістан облысында ағын судан жаңа туған нәрестенің денесі табылды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
16 қараша күні Сайрам тұрғындары судан сәбидің денесін тауып алып, дереу полицияға хабар берген.
Полицейлер оқиға орнына дереу жеткен.
Жақын маңдағы аумақты тексеріп, куәгерлермен сұхбат жүргізді. Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде бір тәулік ішінде күдіктінің – шақалақтың анасының жеке басы анықталды.
Ол жергілікті тұрғын болып шықты.
Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 100-бабы «Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі» бойынша тіркеді. Сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы тергеу барысында анықталады.