Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда мүмкіндігі шектеулі жастар арасында байқау өтті

0 193

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті студенттерінің қатысуымен мүмкіндігі шектеулі жастар арасында жарыс ұйымдастырылды,-деп хабарлайды Zhambyl-Taraz ақпарат агенттігі.

Жеткіншектер “Менің арманым” тақырыбында бірнеше қолөнер жұмыстарын жасап, суреттер салды.

«Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» КММ «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Қазақстан жастарының фракциясы» қоғамдық қоры және М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті инклюзивті білім беру орталығының қолдауымен тартысты бәсеке “Достық үйінде” ұйымдастырылды.

Сурет байқауының мақсаты мен міндеттері:
1. Жастардың коммуникативтік және шығармашылық қабілеттерін шыңдау, білімін арттыру;
2. Шығармашылық ойлау және қиялдарын дамыту;
3. Көркемдік-эстетикалық қызметінің мәдениетін қалыптастыру;
4. Өнерде өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі білдіруге жағдай жасайтын ортаны құру.

Комиссия мүшелері арасында байқау тақырыбына сәйкес келетін 9 жұмыс іріктелінді.

Байқау төрешілері жұмыстардың дағдысын, айқындылығын және аяқталуын бағалап, қорытындылады.

Байқау соңында шығармашылық көзқарасы, жұмыстың бірегейлігі мен материалды ұсынудың эстетикалық мәдениеті бағаланып, үздіктер анықталды.

Сурет байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаздар тізімі:

1 орын – Сүйінбай Дана
2 орын – Ұзақпаева Ұлдай
3 орын – Рахымбай Ержан

Сурет байқауының жеңімпаздарына арнайы сыйлықтар, номинациялар бойынша сувенирлік өнімдер берілді.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.