Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Жалпыұлттық марафонның шымылдығы түрілді

0 57

Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназияда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Кітап оқитын ұлт» жалпыұлттық марафонының ресми ашылу салтанаты өтті.

Шараның басты мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру, интеллектуалды өресін кеңейту және мектебімізде кітап құмарлық мәдениетін қалыптастыру. Салтанатты жиында кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы айтып, ақ тілектер білдірді. Белсенді кітапқұмар оқушылар өздері оқыған кітаптарына тоқталып өтті. Сонымен қатар музыкалық бағдарламалар ұсынылды. Марафон аясында өтетін алдағы шаралар мен кітап оқу ережелері таныстырылды.

Тоты АБДУЛЛАЕВА,
Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназияның
кітапхана меңгерушісі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.