Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жаңа мектеп ғимараты қолданысқа берілді

0 377

Балаларды қуанышқа бөлеп, шаттық бесігінде тербеткен білім күнінде Тараз қаласындағы №2 орта мектептің ұстаздары мен оқушыларының қуанышы еселене түсті. Олай дейтініміз, айтулы мерекеге орай білім ордасының жаңа ғимараты қолданысқа берілді. Салтанатты шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен шаһар басшысы Ержан Жылқыбаев арнайы қатысты. Шарада сөз алған Бердібек Машбекұлы елімізде білім саласына жасалып жатқан қолдауларға кеңінен тоқталды.

– Іргетасы қаланғанына 80 жылдан асқан оқу ордасында жаңа ғимараттың бой көтеруі  бәрімізді қуанышқа бөлейді. Бұл балалардың алаңсыз білім алуы жолында жасалып жатқан келелі жұмыстардың бірі парасы. Бір жылдан астам уақыттан бері қашықтан білім алған балғындар бүгін алтын ұяларымен қайта қауышып отыр. Келешекте осы мектептің қабырғасынан саналы да алғыр, ел тұтқасын ұстайтын азаматтар түлеп ұшады деген сенімдемін», – деген аймақ басшы жүрекжарды лебізін білдірді. Келесі кезекте 1-сынып оқушыларына «Букварь» оқулығы табысталып, алғашқы қоңырау соғылды. Бұдан кейін мектептің ата – аналар комитетінің төрайымы Мария Владимировна ізгі тілегін жеткізсе, мердігер – «Талас – құрылыс» компаниясының директоры Әсет Ахатаев аталған білім мекемесінің  директоры Светлая Гурсаяға мектептің символикалық  кілтін тапсырды.  Қазіргі таңда бұл мектепте 85 мұғалім еңбек етсе, 1041 оқушы  білім алуда.

Салтанатты шарадан соң облыс әкімі мектептің жаңа ғимаратын аралап көріп,  материалдық-техникалық базасымен танысты. Осы орайда, мектеп құрылысына 669 милллион теңге бөлінгенін айта кеткен жөн.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.