Қалалық қоғамдық-саяси газет

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ ТОЛАҒАЙ ТАБЫСТАРҒА ТОЛЫ БОЛСЫН!

0 252

Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар және ата-аналар!

Сіздерді білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн жаңа жобалар мен ізденістердің, жаңа идеялардың бас-тауы. Жаңа оқу жылы – білім беру сапасын арттыруға үлкен міндеттер жүктеліп, алға қойған жоспарлар іске асырылатын кезең. Еліміздің дамуына үлес қосатын саналы ұрпақтың зердесіне білім мен тәрбие алауын жағатын уақыт.
Әлемдік өркениетке бет алған бүгінгі қазақ елінің болашағы алтын ұя мектеппен тікелей байланысты. Биыл Таразда 3 мектепке жаңа ғимарат пайдалануға берілсе, 2 оқу ордасы күрделі жөндеуден өтті. Білім мекемелерінің барлығында балалардың сапалы білім алуына жағдай жасалған. Қаладағы мектептердің материалдық-техникалық базасы жыл сайын жақсарып келеді. Білім саласына бөлінген қаржы – ел болашағына құйылған инвестиция.
Биылғы оқу жылында қала мектептерінде 79 мыңға жуық оқушы білім алады деп күтілеуде. Оның 7 мыңнан астамы мектеп табалдырығын алғаш аттайтын бүлдіршіндер. Олар үшін бұл жарқын болашағына жасайтын маңызды қадам. Сондықтан балалардың білім шаңырағындағы әр сағаты қызықты сабақтармен, таңғажайып жаңалықтармен ұштассын.
Өткен оқу жылында қол жеткізген жетістіктеріміз аз болмады. Бұл ретте ел болашағын тәрбиелеп жүрген мәртебелі мамандық иелері – ұстаздардың тынымсыз әрі жемісті еңбегін ерекше атап өткен жөн. Болашақтың бағдаршамы болған ұстаздарымыздың білім сапасын арттырудағы игі бастамаларына жаңа серпін, шығармашылық табыстар тілеймін.
Жаңа оқу жылы толағай табыстарға толы болсын!

Ержан ЖЫЛҚЫБАЕВ,
Тараз қаласының әкімі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.