Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қажырлы еңбектің қайтарымы мол

0 317

Тараз қаласы әкімдігінің ғимаратында өңір дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азамат Жамбыл облысы әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен және қала әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ Суретті түсірген Сәкен АБЖАПАРОВ

Салтанатты рәсімде Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қайсар Сарытай еңбектері қоғам дамуына оң әсер етіп, марапатқа лайық деп танылған тараздықтарды шын жүректен құттықтады. 50-ден аса коммуналды сала мамандары, мектеп ұстаздары, кәсіпкерлер мен еңбек ардагерлері «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісін және қала әкімінің Құрмет грамотасын иеленді. Олардың қатарында еңбек ардагері Аманжол Арын, №16 орта мектеп директорының орынбасары Марина Букина, №13 орта мектептің директоры Әселхан Манатбек, «Тараз су» КММ газ-электр дәнекерлеушісі Ділдахан Рахымбай, Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің кітапхана меңгерушісі Гүлдариха Жаңабаева және тағы да басқа еңбегі елеулі азаматтар болды.
Марапаттау рәсіміне келіп, мерейі үстем болған барша тараздықтарды Қайсар Сарытай облыстың 80 жылдық мерейтойымен құттықтады. Ұзақ жылғы еңбектеріне алғыс айтып, жаңа жылда жаңа табысқа жетулеріне, жаңа белестерді бағындыруға тілекші екенін жеткізді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.