| ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ
ҚАУЛЫ |
АКИМАТ ГОРОДА ТАРАЗ ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ ПОСТАНОВЛЕНИЕ |
2026 жыл 27 тамыз № 2496
Тараз қаласы город Тараз
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 16) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Тараз қаласы аумағын абаттандыру және санитарлық тазалау жөніндегі күзгі екі айлық 2026 жылдың 5 қыркүйегінен 31 қазанына дейін жариялансын.
- Тараз қаласы аумағын абаттандыру және санитарлық тазалау жөніндегі қалалық штабтың құрамы 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- Тараз қаласы аумағын абаттандыру және санитарлық тазалық жөніндегі күзгі екі айлықтың іс-шаралар жоспары 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- Тараз қаласы аумағын абаттандыру және санитарлық тазалау жөніндегі күзгі екі айлықты ұйымдастыруға мекемелер, кәсіпорындар мен жеке және заңды тұлғаларға бекітілген көшелердің тізімі 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Д.Жаманбаевқа жүктелсін.
Қала әкімі Б. ОРЫНБЕКОВ