Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

«Жақсылық жасау – жүректен»

0 69

Мойынқұм ауданының Жамбыл ауылдық округінде «Жақсылық жасау – жүректен» атты қайырымдылық бастама ұйымдастырылды. Игі бастаманың негізгі мақсаты – жастар арасында мейірімділік пен қайырымдылықты насихаттау, әлеу- меттік қолдауды қажет ететін отбасыларға көмек көрсету және қоғамдағы ізгілік құндылықтарын дәріптеу.

Бастама аясында Жамбыл ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі маманы Н.Сейдулла мен Жастар ресурстық орталығының директоры М.Күнту ауыл тұрғыны, көпбалалы ана Л.Сабырованың шаңырағына арнайы барды.
Кездесу барысында көпбалалы анаға және оның балаларына көңіл бөлініп, балақайларға тәттілер табысталды. Сонымен қатар аталған орталық директорының атынан отбасыға микротолқынды пеш сыйға тартылып, қажетті азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етілді.
Бұл бастама – көпбалалы отбасына көрсетілген қолдаудың ғана емес, жастардың қоғамға жанашырлық танытып, қайырымдылық пен қамқорлықты дәріптеуге үлес қосып жүргенінің көрінісі.
Жақсылық жасау – жүректен. Бір жанұяға жасалған ізгілік пен жылы ықылас үлкен қуаныш сыйлайды. Осындай қайырымды істер арқылы жастар арасында адамгершілік, мейі- рімділік, қамқорлық және өзара қолдау құндылықтары қалыптасады.

«JT»-ақпарат

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.