Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Қайырымдылық – жақсылықтың озық үлгісі

0 60

Қасиетті Рамазан айы қарсаңында Жамбыл облысының «Өзбек ұлттық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі кезекті қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Аталған игі шара бірлестік төрағасы Салахотдинов Набижон Салиевичтің, төраға орынбасарлары Каримов Ғанижан Юсупович пен Курбанов Толкын Маккамовичтің, бірлестіктің мәдениет және спорт кеңесшісі Абдуллаев Нурали Кулмаматовичтің, ақсақалдар кеңесінің төрағасы Хасанов Гиясхан Худжихметовичтің, әйелдер гендерлік саясатының төрайымы Усманова Мухаббат Юлдашевна мен әйелдер кеңесінің төрайымы Каримова Диларам Турахановнаның, Ибрагимова Матлюба Урмановнаның, сондай-ақ бірлестіктің «Жастар қанаты» кеңесшісі Исаков Ильхомжан Ихтиеровичтің және ұйым мүшелерінің бастамасымен жүзеге асты.

Акция аясында күн сайын жолдарымыздың тазалығы мен тәртібін қамтамасыз етіп жүрген қызметкерлерге шынайы ризашылық білдіріліп, олардың қоғам алдындағы еңбегі ерекше атап өтілді.

Осыған орай, үстіміздегі жылдың 15 ақпан күні арнайы түскі ас ұйымдастырылып, құрмет көрсетілді.

Қасиетті ай қарсаңындағы бұл игі бастама – бірлік пен жанашырлықтың, сыйластық пен алғыстың жарқын көрінісі болды.

Осы қызметкерлердің табанды еңбектерінің арқасында көшелеріміз әрдайым таза, қауіпсіз әрі көрікті болып келеді. Қандай ауа райы болмасын, өз міндеттерін адал атқарып, қаламыздың көркеюіне зор үлес қосып жүр.

Маңдай термен атқарған еңбектері — үлкен құрметке лайық. Қоғам игілігі жолындағы қажырлы қызметтері үшін алғысымыз шексіз.

Осы қасиетті айда Алла Тағала әрбір игі істеріне сауаптан жазып, дендеріне саулық, отбасыларына амандық, жұмыстарына береке нәсіп етсін.

Құрметпен және алғыспен,
Жамбыл облысының «Өзбек ұлттық мәдени
орталығы» қоғамдық бірлестігі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.