Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Қайырымды істің қайыры бар

0 473

Жаңа оқу жылын ұйымдастыру мақсатымен 2025 жылғы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында республика көлемінде «Мектепке жол» акциясы жарияланған болатын.

Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу. Шара кәсіпкерлерді, меценаттарды, мемлекеттік органдарды акцияны өткізуге көмек көрсетуге және өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар мен балаларға көмек көрсетуге шақырады.
Игі істер аясында Тараз қалалық №56 орта мектептің әкімшілігі және сынып жетекшісінің көмегімен 2-сынып оқушысы Нұрғиса Тілендиев атындағы көпбалалы және аз қамсыздандырылған отбасы балаларына арналған мектеп-интернатына орналастырылды. Сондай-ақ 8-сынып оқушысының ата-анасы мен сынып жетекшісі бірлесе жұмыс атқара отырып, денсаулығына байланысты құжаттары жинақталып, оқумен қамтылды.
Бұдан бөлек, мектепке қарасты учаскелерде орналасқан шаруа қожалықтарында оқумен қамтылмаған мектеп жасындағы балаларды анықтау мақсатында рейдтік жұмыс жүргізілді.
Сонымен қатар «Мектепке жол» акциясы аясында жиналған макулатура өткізіліп, үйден оқытылатын оқушыларға оқу құралдары мен мектепке ұстайтын 5 дана сөмке алынып берілді.

Қ.МҰХАМАЕВА,
№56 орта мектептің әлеуметтік педагогы.
Тараз қаласы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.