Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Жарықтандыру жұмыстары жоспарлы жүргізілуде

0 65

Тараз қаласының тұрғындары тарапынан жиі көтерілетін тақырыптың бірі – жарықтандыру мәселесі. Көшелердің бойына орнатылған жарықтандыру шамдары шаһар мәдениеті мен көркінің ажырамас бөлігі болып есептеледі.

Жарық жүйесі қараңғылығы түскенде іске қосылып, жолаушыға жол сілтеп, мектептен қайтқан оқушыларға барар жолын көрсетіп қана қоймай, түнгі уақытта адамдар қауіпсіздігіне де қорған болады.
Осыны ескере отырып, «Тараз-Жарық» ЖШС мамандары аптап ыстыққа қарамастан қаланың сыртқы жарықтандыру жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін күн сайын еңбек етуде.
109 бірыңғай диспетчерлік қызметіне келіп түскен өтінімдер бойынша мамандар жедел түрде оқиға орнына барып, күйіп кеткен шамдарды ауыстырады, жарықтандыру құрылғыларын тазалайды, электр желілері мен басқару шкафтарына жөндеу жұмыстарын жүргізіп, техникалық ақауларды қалпына келтіреді.
Кеш түскенде қала көшелерін жарықтандырып тұрған әрбір шамның артында өз ісіне адал, жауапкершілігі жоғары мамандардың тынымсыз еңбегі жатыр. Олардың күнделікті қажырлы жұмысының арқасында Тараз тұрғындары үшін қала көшелері жарық, қауіпсіз әрі жайлы болуда.

«JT»-ақпарат

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.