Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлт саулығының кепілі – бұқаралық спортты дамытуға жиі көңіл бөліп келеді. Бұл ретте Президент бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттауға байланысты бірқатар маңызды тапсыр- ма берген болатын.
Бұқаралық спортты дамыту бойынша шаһарымызда да бірқатар жұмыс атқарылуда. Айталық, жуырда «Төңкеріс» тұрғын алабындағы №12 мен 13-ші тұрғын үйлердің ауласында орналасқан №6 және «Тастақ» тұрғын алқабындағы шағын футбол алаңшалары ағымдағы жөндеуден өтті.
Жөндеу жұмыстарын «ДамуСтройСервис» ЖШС мердігер ұйымы жүзеге асырды. Нәтижесінде спорт алаңшасының техникалық жай-күйі жақсартылып, тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы жағдайда спортпен шұғылдануына мүмкіндік жасалды. Айта кетер жайт, аталған серіктестік №6, №17, №18, №20, №28 және №31 кіші футбол алаңшаларына да ағымдағы жөндеуден өткізген.
Сонымен қатар «Көлтоған» алқабында орналасқан №27 кіші футбол алаңшасындағы жөндеу жұмыстары да толық аяқталды. Жөндеу барысында алаңшаның техникалық жағдайы жақсартылып, оны пайдалануға қолайлы ету бағытында қажетті жұмыстар жүргізілді.
Аталған жұмыстардың басты мақсаты – тұрғындарға, әсіресе, балалар мен жастарға қауіпсіз әрі жайлы спорттық орта қалыптас- тыру. Жаңартылған алаңша енді тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне, бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлесін қосады.
Құрмаш ҚАПТАҒАЙ