Таразда жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және тұрғындарға қолайлы қалалық орта қалыптастыру мақсатымен жол таңбаларын жаңарту жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінге дейін жалпы ұзындығы 32 шақырымнан асатын 11 көшеде жол таңбалары жаңартылды.
Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне де ерекше назар аударылуда. Осыған орай жалпы ауданы 1 260,6 шаршы метрді құрайтын 51 жаяу жүргіншілер өткелінің жол таңбалары жаңартылды. Оның ішінде 37 өткелге арнайы жол бояуы қолданылса, 14 өткелге суық пластиктен жасалған таңбалар салынды.
Жаңартылған жаяу жүргіншілер өткелдері теміржол вокзалы аумағында, «Қант зауыты», «Қарахан», «За линией» тұрғын алаптары және «Ұлы дала» шағынауданында орналасқан. Суық пластиктен салынған жол таңбалары негізінен білім беру ұйымдарының маңында жүргізілді.
Атап айтқанда, қаладағы 13 мектептің жанында және Демьян Бедный көшесіндегі емхана алдында жаңартылды. Жол инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары жоспарға сәйкес алдағы уақытта да жалғасады.
Тараз қаласының әкімдігі