Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Талас аудандық ауруханасындағы жаңғырту жұмыстары бақылауда

0 22

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Айжан Есмағамбетова мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек Талас аудандық орталық ауруханасы нысанындағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысына талдау жасады.

Жоба аясында аурухананың 200 төсек-орындық ғимаратына қайта жаңғырту және қосымша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жобаны жүзеге асырып жатқан мердігер ұйым — Тараз Құрылыс Дизайн.

Бүгінгі таңда нысанның 4 блогы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталған. Қазіргі уақытта аурухананың негізгі корпусында күрделі жөндеу және абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Жалпы орындалу деңгейі 80%-ға жеткен.

Нысанды толық пайдалануға беру 2026 жылғы 1 қарашаға жоспарланған.

Жұмыс барысымен жіті танысқан Айжан Серікбайқызы жауапты сала басшылары мен мердігер ұйым өкілдеріне құрылыс сапасын қатаң бақылауда ұстап, жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде әрі сапалы аяқтауды тапсырды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.