Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Бірлігі бекем елдің болашағы баянды

0 41

Құрметті Тараз қаласының тұрғындары!
Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сан алуан мәдениет пен дәстүрді тоғыстырған еліміз үшін бұл мерекенің тағылымы терең, мазмұны айрықша. Бүгінде көпұлтты халқымыздың бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүріп, ортақ мақсатқа жұмыла білуі басты құндылықтардың біріне айналғаны даусыз. Ел ішіндегі татулық пен келісім – ғасырлар бойы қалыптасқан рухани байлығымыздың жалғасы. Осының арқасында еліміз күллі әлемге бейбітшілік пен тұрақтылықтың үлгісін көрсетіп келеді.
Бүгінде көне шаһарымызда түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті тұрмыс кешіп, байтақ Отанымыздың дамуына өз үлес-терін қосуда. Олар білім, мәдениет, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік және өндіріс салаларында аянбай еңбек етіп, Тараздың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беруде. Бұл – өзара түсіністік пен сыйлас- тықтың ғана емес, ортақ жауапкершіліктің де айқын көрінісі.
Қадірлі жерлестер!
Баға жетпес ынтымақтың арқасында біз кез келген сын-қатерді еңсеріп, жарқын болашаққа нық қадам басамыз. Татулық пен тұрақтылық үстемдік құрған жерде ғана даму мен өркендеу болатыны анық. Сондықтан әрқайсымыз ел бірлігін көздің қарашығындай сақтап, оны нығайтуға өз үлесімізді қоса беруіміз қажет.
Бүгінгі айшықты мерекеде баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт, толайым табыс тілеймін! Береке-бірлігіміз бекем, ынтымағымыз іргелі болып, әр шаңырақта тек шаттық пен қуаныш, ырыс пен молшылық орнасын!

Бақытжан ОРЫНБЕКОВ,
Тараз қаласының әкімі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.