Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Шуақ шашқан қызғалдақтар қала көркін ашады

0 73

Таразда қаланың көркін арттыру және тұрғындар мен қонақтар үшін тартымды орта қалыптастыру мақсатында түнде жарық шашатын 10 мың дана жасанды қызғалдақ орнатылды.

Бұл ерекше гүлдер кешкі уақыттағы шаһардың келбетін айрықша сәнді ете түс- пек. Жасанды қызғалдақтар түрлі-түсті жарықпен жарқырап, шаһар көшелері мен қоғамдық орындарға ерекше әсемдік сыйлайды. Түнгі мезгілде олардың сәулелі жарығы қала көрінісін көркемдік тұрғыдан жаңартып, тұрғындардың көңіл күйін көтеруге ықпал етеді. Сонымен қатар бұл көрініс қаламыздың туризм әлеуетін арттыруға да септігін тигізеді. Себебі қала қонақтары үшін түнгі серуендер одан сайын қызықты әрі есте қаларлықтай болады.
Осы жұмыстар шаһардың тек эстетикалық келбетін жақсартумен шектелмей, тұрғындар мен қонақтар үшін жайлы, тартымды және қауіпсіз атмосфера қалыптастыруға да бағытталған. Бұл жобаның арқасында Тараз тек күндіз ғана емес, түнде де сәнді әрі заманауи қала ретінде танылатыны айқын.

«JT»-ақпарат

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.