Тараз қаласында Жамбыл облыстық аумақтық референдум комиссиясының ұйымдастыруымен «Республикалық референдумды даярлау мен өткізу барысындағы негізгі аспектілері» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Референдум комиссиялары мен сайлау процесінің басқа да қатысушыларына бағытталған оқыту-семинарына Жамбыл облыстық аумақтық референдум комиссиясының мүшелері, Тараз қаласы бойынша аумақтық референдум комиссиясының мүшелері мен учаскелік референдум комиссияларының «үштігі» (төраға, орынбасар және хатшы), сондай-ақ, жергілікті атқарушы органның референдум процесіне қатысты өкілдері, қалалық прокуратура өкілі, Тараз қаласы Жас сайлаушылар клубының мүшелері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Аталған оқыту жиыны Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының «2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған респуб- ликалық референдумның қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру туралы» 2026 жылғы 12 ақпан №6/15 қаулысын орындау аясында Жамбыл облыстық аумақтық референдум комиссиясының ұйымдастырумен Тараз қаласы мен аудандарда ағымдағы жылдың 24 ақпаны мен 5 наурызы аралығында аумақтық және учаскелік референдум комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған семинар-тренингтер шеңберінде қолға алынды.
Комиссия мүшелерінің кәсіби біліктілігі мен құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған семинар республикалық референдум туралы заңнамадағы жаңашылдықтарды, сайлау заңнамасының негіздерін және оны сайлау процесінде қолдану практикасын түсіндіру және референдумды ұйымдастырушылардың кәсіби құзыреттерінің деңгейін арттыруға бағытталды.
Оқыту-семинарын Жамбыл облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов ашып, қатысушыларды семинардың бағдарламасымен таныстырды. Сонымен қатар республикалық референдумды өткiзудiң принциптерiне тоқталып, дәріс оқыды. Сондай-ақ облыстық аумақтық референдум комиссиясының мүшелері саяси науқанды әзірлеу мен өткізу кезеңіндегі жұмыс- тар мен дауыс беру күні жөнінде оқыту шараларын жүргізді.
Оқыту барысында учаскелік референдум комиссияларының мүшелері дәріскерлерге сайлау нау- қанында орын алатын жағдайлар бойынша бірқатар сұрақтар қойып, тиісті жауаптар алды. Оқыту бағдарламасына сәйкес, семинарға қатысушылармен викториналық сұрақтар, Kahoot ойыны ұйымдас- тырылды.
Семинар жұмысына қатысқан учаскелік референдум комиссиялары мүшелерінен оқытудың қорытындысы бойынша тест алынып, сертификаттар табысталды.
Тараз қалалық референдум комиссиясы