Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Жобаға өтінім қабылдау басталды

0 46

Тараз қаласы тұрғындарының бастамалары мен ұсыныстарының негізінде, қала аумағын көркейтуге және дамытуға арналған өтінім – жобаларды жүзеге асыру бойынша «Халық қатысатын бюджет» жобасына өтінім қабылдау басталды.

Кез келген қала тұрғыны төмендегі жобалар бойынша өз ұсыныстарын Әулиеата және Жібек жолы аудандарының сайтында жарияланған ережеге сәйкес ұсына алады:
– тротуарларды жайғастыру;
– автокөлік тұрақ орындарын үлкейту және азайту;
– бордюрлар мен қырларды ауыстыру және орналастыру;
– тасты жабындарды ауыстыру және қалпына келтіру;
– мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандустарды орнату;
–ішкі жолдардың шұңқырларын жөндеу;
– жол кедергілерін орналастыру;
– ішкі жолдардың белгілерін орналастыру және белгілеу;
– контейнер алаңшаларын жөндеу және орнату;
– аумақты көгалдандыру;
– аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру.
Жобалық ұсыныстар мынандай критерийлерге сай болуға тиіс:
– бір өтінім – бір нысан;
– жалпы пайдалану объектісі;
– Тараз қаласы тұрғындары үшін өзекті болуы;
–Мақсаты мен нәтижесінің келісілуі;
– Бір бюджеттік жыл ішінде жүзеге асыру мүмкіндігі.
– Жобалық ұсыныстың жүзеге асырылуы Әкімдік құзіретінің шеңберінде болуы керек.

Тараз қаласы әкімдігі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.