Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Қайраткер рухына тағзым

0 65

Тараздағы №40 гимназияда ҚР Мемлекеттік Туының авторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шәкен Ниязбековке арналған рухани-мәдени іс-шаралар аясында бюстке гүл қою рәсімі өтті. Тағылымға толы шараға Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ұлана Сламбекова арнайы қатысты.

Жиында Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, КСРО және Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Фатима Тарази және Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының Құрметті азаматы Соцалистік Еңбек Ері, «Құрмет» орденінің иегері Төле Ағабеков сөз сөйлеп, көрнекті суретші әрі өнертапқыш, көптеген жеке көрмелердің авторы және бірқатар шығармашылық жобалардың иесі Шәкен Ниязбековтің ұлт руханиятындағы айрықша орнына кеңінен тоқталды.
Іс-шара соңы Шәкен Ниязбековтің шығармашылығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияға ұласты.

«JT»-ақпарат

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.