Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Жасөспірімдер қауіпсіздігі – жіті назарда

0 62

Қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әсіресе жасөспірімдердің құқықтары мен өміріне қатысты мәселелерді бақылауда ұстау – мемлекеттік органдардың негізгі әрі маңызды міндеттерінің бірі.

Бүгінгі күнде кәмелетке толмағандардың тәртібі, олардың түнгі мезгілде заңды өкілдерінсіз жүруі және кең таралған құқық бұзушылық түрлерінің алдын алу – тек құқық қорғау құрылымдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігіне айналып отыр.
Осы бағытта жүзеге асырылатын кешенді алдын алу шаралары өскелең ұрпақтың қорғалуын қамтамасыз етуге, олардың бақылаусыз қалуын болдырмауға, сонымен бірге қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған. Міне, осындай жүйелі жұмыстар жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін арттырып қана қоймай, олардың қоғамдағы қауіпсіздігі мен тәрбиелік ортасын нығайтуға қызмет етеді. Бұл – әрбір баланың амандығын басты құндылық ретінде қарастыратын мемлекеттік саясаттың нақты көрінісі. Сондықтан алдын алу шараларының тұрақты түрде жүргізілуі – келешек ұрпақтың бойында жауапкершілік пен құқықтық сананы қалыптастырудың маңызды тетігі.
Осыған орай қала әкімдігі, қалалық прокуратура, полиция басқармасы және білім бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруінің және құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Тараз қаласы аумағында жедел-профилактикалық рейдтік іс-шаралар өтті.
Шара барысында компьютерлік клуб, ойын-сауық және қоғамдық орындарға зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Зерделеу нәтижесінде кәмелетке толмағандарға қатысты 29 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы бойынша хаттамалар толтырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жоспарға сәйкес жүйелі түрде жүзеге асырылады.

Аман ЕСЕН

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.