Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Уақыт талабына сай маңызды бастамалар

0 182

Президенттің биылғы Жолдауында айтылған білім саласына қатысты мәселелер уақыт талабына сай маңызды бастамалар екенін атап айтуға болады.

Мемлекет басшысы әсіресе, білім саласына қатысты жасанды интеллектімен жұмыс істеу құзіретін қалыптастыру әлдеқайда ерте жастан, яғни мектеп қабырғасынан қолға алынуға тиіс екенін атап өтті. Осыған орай бірқатар бастаманы жүзеге асыру қажеттігін ең алдымен бұл саланы дамыту үшін, мектеп оқушыларына арналған жасанды интеллект негіздері туралы бағдарлама және оқу материалдарын әзірлеу қажет деді. Ол үшін ұстаздардың жасанды интеллект технологиясын меңгеру дағдысын да қалыптастыру керек болатынына тоқталды.
Жолдауда қашықтан оқыту тәсілі және жасанды интеллект технологиясы негізінде «Qazaq Digital Mektebi» атты шағын жинақты мектеп үлгісін әзірлеу қажеттігі айтылды. Мұндай платформа ауылдағы оқушыларды сапалы оқу тәсілдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қашықтан оқыту мен жасанды интеллектке негізделген бұл платформа білім алушыларға сапалы білімге қол жеткізуіне, білім беру теңсіздігін азайтуға және цифрлық сауаттылықты арттыруға жол ашады деді. Нәтижесінде оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас жеңілдейді, оқу материалдарын меңгеру процесі жылдам әрі тиімді болатынын айтты. «Келешек мектептер» жобасы – білім беру үдерісіне инновация мен цифрлық мүмкіндіктерді енгізудің нақты қадамы. Президент бұл жоба аясында оқу кабинеттері жаңартылып, жаңа технологиялармен жабдықталып, интерактивті құралдар мен цифрлық ресурстар қолжетімді болу қолға алынатынын айтты.

Руслан САҒЫМБАЕВ,
Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің арнайы пән оқытушысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.