Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Спортта барлығы тең

0 453

Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз Арена» спорт сарайында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында «Спортта барлығы тең» атты спартакиада өтті.

Мүгедектігі бар адамдардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау және оларды тұрақты түрде спортпен шұғылдануға ынталандыруды мақсат еткен дүбірлі додаға «Болашақ арнайы-мектеп интернаты», Қарттар мен мүгедектер интернаты, «Ақыл есі кем балаларға арналған арнайы мектеп-интернаты», №5 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы, «Өркен» арнайы мектеп интернаты», «Мүгедектер жастар қоғамы», «Дос Тараз» бірінші топтағы мүгедектер, «Қазақсатандық Саңыраулар қоғамы», «Мейірім» мектеп-интернаты секілді мекемелерден жалпы саны 250-ге жуық қатысушы белсене атсалысты.
Спартакиада барысында қатысушылар жеңіл атлетика, дартс, шахмат, тоғызқұмалақ, қол күрес және бочча сияқты спорт түрлерінен сынға түсіп, өзара мықты анықтады.
Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы сертификаттармен марапатталды.

«JT-ақпарат»

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.