Бүгінде Тараз қаласының инфрақұрылымын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соның бірі – «Барысхан» тұрғын алқабындағы жол құрылысы.
Бұл аумаққа асфальт жол төсеу бойынша жобалау-сметалық құжаттамалар толық дайындалып, мердігер мекеме ретінде «UNISERV» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бекітілген.
Жобаға сәйкес, жалпы ұзындығы 16 шақырымнан асатын 24 көшеге асфальт төсеу жоспарланған.
Қазіргі таңда жұмыстар кезең-кезеңімен іске асырылуда. Бүгінге дейін 11 көшеде құрылыс толық аяқталып, тұрғындардың игілігіне беріліп отыр.
Негізі Тараз қаласының үш жылдық Даму картасы аясында шаһар шеңберінде жол құрылысы ерекше қарқын алған. Тұйық көшелерге дейін асфальт төселіп, тақтайдай тегіс болуда. Бұл жұмыстардың барлығы тұрғындар игілігіне жасалып жатқаны анық. Сондықтан халық та жергілікті билікке алғыстарын жаудыруда.
Дедек ТӨЛЕН