Городская общественно-политическая газета

876 тұрғын үй араланды

0 131

Жылыту пештері мен тұрмыстық газ аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің алдын алу және насихаттау мақсатында, сондай-ақ халықты өрт қауіпсіздігінің профилактикасына тарту үшін Байзақ ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жылыту маусымы басталғаннан бері «өрт қауіпсіздігі сенбіліктерін» өткізіп келеді. Бұл тәжірибе өрттер мен жазатайым оқиғаларды азайту үшін маңызды рөл атқарады.

Мәселен, жуырда Байзақ ауданында ғана емес, облыстың барлық аудандарында жеке секторда тұратын азаматтардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауын тексеру бойынша ауқымды профилактикалық рейд өткізілді. Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерінен басқа жұмыс тобының құрамына әкімдік өкілдері мен еріктілер кірді.
Өрт қауіпсіздігі сенбілігі аясында тұрғын үй секторында 1 624 адамды қамтитын 876 тұрғын үй араланды. Рейд барысында халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Электр жабдықтарын пайдалану кезінде, жылыту пештерін, тұрғын үй-жайларда газ баллонды қондырғыларды орнату және күтіп ұстау кезінде өртке қарсы нормалардың сақталуына ерекше назар аударылды. Әр тұрғынға өрт қауіпсіздігі туралы жадынама табыс етілді.
Мұндай іс-шаралар басты мақсаты – адамдарға өрт қауіпсіздігі ережелерін үйрету және өрт қаупін азайту және үй тұрғындарының өмірі мен денсаулығына зиян келтіру жағдайларын болдырмау.

Ілияс РЫСАЛДИЕВ, Байзақ аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.