Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Аяулы ана» республикалық байқауын өткізу ережесі

0 108

«Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен өтетін «АЯУЛЫ АНА» атты республикалық байқауына қатысуға шақырамыз!

Іс-шараның мақсаты: Қоғамдағы ана мәртебесін арттыру, отбасы институтын нығайту, ұрпақ тәрбиесінде ананың атқаратын маңызды рөлін насихаттау және үлгілі аналарды көпшілікке таныту арқылы қоғамдық құндылықтарды дамыту.

Байқаудың шарттары:
Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бойынша қатысушы өзі жайлы жазылған 2 беттен (14 кегл, Times New Roman) артық емес өмірбаянын жолдауы қажет, сондай-ақ өмірбаяндағы жеткен жетістіктерін растайтын құжат көшірмелері (мысалы: алынған алғыс хат, диплом, медаль және т.б.) қоса тіркелуі тиіс.
Құжаттар ruhany.jangiru.17@bk.ru электронды почтасына 2026 жылдың ақпан айының 16-на дейін қабылданады.

Байқау қатысушыларына:
• Арнайы тағайындалған «АЯУЛЫ АНА» атты ордені;
• Орденді куәландыратын КУӘЛІК;
• «АЯУЛЫ АНА» статуэткасы;
• ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ беріледі;
• Қатысушыға қолдау көрсеткені үшін мекеме басшысының атына АЛҒЫС ХАТ беріледі.

Байқаудың марапаттау рәсімі Астана қаласында, наурыз айында конференция түрінде өтеді. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған қатысушыларға жіберіледі. Қорытынды конференция бағдарламасында қоғам қайраткерлерінің, танымал тұлғалардың қолынан орден және арнайы марапаттар табысталады.

Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/
Электрондық почтасы: ruhany.jangiru.17@bk.ru
Instagram парақшасы: @bilim_orkenietі_
Facebook парақшасы: Білім өркениеті
Ұйымдастыру алқасы: +7 747 628 8054, +7 702 986 6405

ӨТІНІШ КЕСТЕСІ ӨМІРБАЯНМЕН БІРГЕ ЖІБЕРІЛУІ ҚАЖЕТ

  • Қатысушының тегі, аты-жөні
  • Облыс, қала, аудан, ауыл атауы
  • Қызмет орны, лауазымы
  • Еңбек өтілі
  • Байқау атауы «АЯУЛЫ АНА»
  • Телефон, ұялы, е-mail.ru
  • Сапалы түрлі-түсті ¾ фото
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.