Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қаржы министрі жамбылдықтармен жүздесті

0 754

Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келіп, тұрғындармен кездесті. Жүздесуде Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы мен облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров баяндама жасады.
– Осы шаралардың барлығы саяси тұрақтылықты, бизнестің мүдделері мен құқықтарын қорғау жүйесін едәуір нығайтып, барлық қазақстандықтар үшін кең экономикалық мүмкіндіктер туғызады, – деді Ерұлан Кенжебекұлы өз сөзінде.
Сапар барысында министр тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп,  «Энерджи-Тараз», «Амир и Д» ЖШС-нің жұмысымен танысты.  Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ағымдағы мәселелері бойынша азаматтардың жеке қабылдар, БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.