Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әлем чемпионымен жүздесу

0 841

Жуырда Меркі ауданы, Ақкөз Қосанұлы атындағы 18 жалпы орта білім беретін тірек мектебінде «Жеңісімді еліме арнаймын» тақырыбында әлем чемпионы, аталған оқу ордасының түлегі, қазақ елінің мақтанышы Ергеш Даулетпен кездесу өтті.

Тәрбиелік мәнге толы бас қосуға Меркі аудандық білім бөлімінің әдіскері Бану Беркімбекова, аудандық мәслихаттың депутаты Ерлан Қалысбаев, мектеп директоры Бауыржан Бектурғанов және  ұстаздар мен оқушылар қатысты.

Басқосу барысында оқушыларға чемпионға көкейдегі сауалдарын жолдап, тұщымды жауаптар алды. Дәулет Ергеш өз кезегінде өткен күнге көз жіберіп, спортқа қалай келгендегі, өміріндегі қызықты сәттермен бөлісті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.