Қалалық қоғамдық-саяси газет

54 млн теңге жымқырған балабақша қызметкері сотталды

0 206

Жамбыл облысында «Ақбота» балабақшасында бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Egemen.kz. сайтына сілтеме жасап.

Қаржы мониторингі агенттігінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті қызметкерлері Сарысу аудандық білім бөлімінің «Ақбота» балабақшасында ақша жымқыру фактісін анықтады.

«Тергеу барысында балабақша бюджеті бойынша жауапты қызметкер Д.Әбибуллаев өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, 2018-2021 жылдар аралығында өзінің банк шотына заңсыз аудару арқылы жалпы сомасы 54 миллион теңге бюджет қаражатын ұрлағаны анықталды», деп түсіндірді ҚР ҚҚА баспасөз қызметі.

Сот шешімі бойынша, ол 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

18 млн теңге көлеміндегі шығын сомасы ішінара өтелді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.