Қалалық қоғамдық-саяси газет

52 жастағы әйел тұңғышын дүниеге әкелді

0 518

Атырауда 52 жастағы әйел тұңғышын дүниеге әкелді.

19 қаңтарда әйел Атырау облыстық перинаталдық орталығына түскен. Оған шұғыл түрде операция жасалған. Жаңа туған нәрестенің салмағы – 3 келі 70 грамм, бойы – 51 сантиметр.

Қазір ана мен бала үйінде, олардың жағдайы жақсы екені айтылды. Облыстық перинаталдық орталықтың баспасөз қызметі өкілі әйелдің ұзақ уақыт бойы табиғи жолмен жүкті бола алмағанын, көп жыл емделгенін айтты. Жасанды ұрықтандырудың арқасында ол жүкті болып, көптен күткен баласы дүниеге келген.

Еске салайық, 2020 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Соған сай ұрықтандыру бағдарламасы бойынша квотаны жеті мыңға дейін, яғни жеті есеге арттыру міндеті қойылды.

ATPress.kz 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.