Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылдық полицейлер 8 жыл бұрын жасалған қылмысты ашты

0 1  347

2013 жылдың 6 қараша күні сағат 22:00 шамасында Т. Рысқұлов АПБ-на Құлан ауылының 56 жастағы тұрғыны екі белгісіз тұлғаның автокөлікте келе жатып, оған қатысты қарақшылық әрекеттерін жасап, пышақпен дене жарақаттарын салғаны туралы арызданды.

Аталған дерек бойынша ҚК-тің (1997 жылғы басылым) 179-бабы 2-бөлігімен (Қарақшылық) қылмыстық іс қозғалған.

Ағымдағы жылдың 24 тамызында Т.Рысқұлов аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында аталған қылмысты жасаған Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының 24 және 26 жастағы тұрғындары анықталып, ұсталды. Олар екі ай мерзімге қамаққа алынды.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде, күдіктілер өздері жасаған қылмыстарын толық мойындады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайтынын еске саламыз.

polisia.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.