Қалалық қоғамдық-саяси газет

21 жасқа дейінгі жастарға энергетикалық сусындар сатылмауы мүмкін

0 2  342

21 жастағы дейінгі қазақстандықтарға энергетикалық сусындар сатылмауы мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқызы айтты

Қазір Мәжілісте денсаулық сақтауға қатысты заң жобасы қаралып жатыр. Осы заңның шеңберінде вейптерге тыйым салу, 21 жасқа дейінгі адамдарға энергетикалық сусындарды сатпау жөнінде норма қарастырылып жатыр. Сондай-ақ «энергетикалық сусындар» деген түсінік енгізіледі, – деді Ажар Ғиният Үкіметтің баспасөз орталығында.

Министр заңға енгізілетін нормалар балалардың денсаулығын қорғауды көздейтінін жеткізді.

Біз, Денсаулық сақтау министрлігі бұл норманы құптап отырмыз. Өйткені бұл балалар мен жастардың денсаулығына тікелей байланысты, – деді Ажар Ғиниятқызы.

Бұған дейін Ажар Ғиният бүгінде жөспірімдердің 17,5%-ы энергетикалық және тәтті сусындар ішіп жүргенін айтқан еді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.