Қалалық қоғамдық-саяси газет

№20 бір мандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Тараз қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Бейсенбай Арман Қанатұлы

0 300

Өмірбаян

Мен, Бейсенбай Арман Қанатұлы, 1996 жылы 21 ақпанда Тараз қаласында дүниеге келдім. 2002-2009 жылдары Тараз қаласындағы Гайдар атындағы №35 орта мектепте, 2009-2013 жылдары Жамбыл облыстық ерекше дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп-интернатында оқыдым. Мектепті «Алтын белгімен» аяқтап, 2013-2017 жылдары Қазақ-Британ техникалық университетіне «Мұнай және газ» мамандығына оқуға түстім.
Жас кезімнен кәсіпкерлікке ерекше қызығушылығым болды. Соның арқасында осы уақытка дейін түрлі стартаптар жасап, жеке кәсіпте өз орнымды таптым.
2017-2022 жылдары «Жаңа жол» ЖШС-де бөлім басшысы, директордың орынбасары болдым.
2022-2023 жылдары «RAF» кофеханасы мен «Arafat» дәмханасын аштым.
Менің «Жаса жастар» деген ұйымым да бар. Ол біздің жастармен белсенді жұмыс істеп, болашақта жұмысқа орналасуына көмектеседі.
Мен Қазақстанның Халық партиясы атынан сайлауға қатысуға бел будым. Сол үшін сіздердің қолдауларыңыз ауадай қажет.

Сайлауалды бағдарлама

Қалыптасқан сыртқы және ішкі ахуалға байланысты біз, қазақстандықтар, қордаланып қалған өзекті мәселелер мен қоғамдық құндылықтарға жіті назар аударуға мүмкіндік алып отырмыз. Біз үлкен тарихи жолайрықта тұрмыз және дұрыс таңдау жасауымыз қажет.
Халық партиясы социал-демократиялық бағыттағы саяси күш ретінде қазақстандықтардың басым көпшілігінің мүддесін білдіреді!
Біз ел Президентінің қолға алған реформаларына басшылық етіп, жүзеге асыруға әзірміз! Біздің бағытымыз – әділетті әлеуметтік мемлекет құру.
Халық партиясы өзінің Халықтық Үкімет құрамын ұсынады! Біз Қазақстанды өркендеу жолына бастаймыз!
Біздің мақсатымыз – елдің билігі мен байлығы Қазақстан халқына тиесілі болатын әділетті қоғам құру!
Біздің формуламыз: Әділ Президент – Ықпалды Парламент – Халықтық Үкімет.
САЯСАТТА: «Билік халыққа оралады». Біз Мәжіліс пен мәслихаттарға нақты өкілеттіктер береміз! Президент Тоқаевтың бағыты біздің бағдарламалық мақсаттарымызға толығымен сәйкес келеді. Саяси жүйені жаңғыртуды жалғас- тыра отырып, халықты ел басқару ісіне жұмылдыру қажет. Бұл дегеніміз – Мәжілістің өкілеттіктерін кеңейте беру. Біз парламенттік тексеру жүргізуге қол жеткіземіз. Аудиторлық палата Мәжіліс құрамына енгізілуі қажет. Осылай «Ықпалды Парламент» қағидаты жүзеге асырылады.
Біз сот жүйесі мен құқық қорғау саласында ауқымды реформа жүргіземіз, сыбайлас жемқорлықтан тазартамыз. Аудандық, қалалық және облыстық судьяларды халық сайлайды!
Біз Қаңтар қасіретін ашық және шынайы тергеуге қол жеткіземіз. Мемлекеттік төңкеріс жасауды ұйымдастырған нақты адамдар анықталып, жазаға тартылуы қажет!
Әкімдерді халық тікелей сайлайды және әкімдер жергілікті мәслихаттарға есеп береді!
Біз билік органдарында әйелдердің саны артқанын қолдаймыз!
Біз цензура мен бұғаттаудың болмауын талап етеміз! Біз сөз бостандығы мен бейбіт митингілерді жақтаймыз! Біз барлық саяси партиялардың тіркелуін және азаматтық қоғамның дамуын қалаймыз!
Біз барлық қандастарымыздың Отанымызға оралуын қолдап, оларға жыл сайын берілетін квота көлемін ұлғайтуды ұсынамыз!
ЭКОНОМИКА БОЙЫНША: Біз «Бай азаматтар – бай мемлекет» қағидатын іске асырамыз.
Кландық-олигархиялық капитализмнің дәуірі өтті. Біз ел Президенті Қ.Тоқаевтың әлеуметтік жауапты мемлекет құру жөніндегі бағытын қолдаймыз.
Халық партиясы ХАЛЫҚ КАПИТАЛИЗМІН қолдайды! Бұл қуатты орта тап қалыптастыру мен әлеуметтік мемлекет құру дегенді білдіреді.
Біз жұмыссыздықты, кедейшілік пен қайыршылықты жоямыз!
Біз қосымша құн салығын (ҚҚС) жоюды және қаржы айналымынан 5% өлшемімен бірыңғай салық ұсталуын талап етеміз!
Біз заңсыз жекешелендіру қорытындыларын қайта қарауды және барлық кәсіпорындарды мемлекетке қайтаруды ұсындық.
Біз маңызды инфрақұрылымдық салалар мен стратегиялық әлеуеті зор кәсіпорындардың мемлекет меншігіне қайтарылуын талап етеміз!
Біз прогрессивті көрсеткіш бойынша салық төлеуді қолдаймыз!
Біз сән-салтанат салығын енгізуді талап етеміз!
Біз барлық сала бойынша шетелдік инвесторлармен жасалған келісімшарттардың қайта қаралуын және ашық ресімделуін талап етеміз!
Біз еліміздің шикізат қорын экспортқа шығаруда трансферттік баға қалыптастырудың қатаң сақталуын және қаржының офшорға шығарылуына жол бермейміз!
Біз жаңа әрі тиімді өнеркәсіп саясатын қалыптастыруды қолдаймыз! Бізге ЭКСПО сияқты шығыны мол, сән-салтанатты іс-шара өткізу тиімсіз, оның орнына жұмыс істейтін зауыттар мен фабрикалар қажет.
Біз коллекторлық бизнесті жоюды талап етеміз!
Жер сол жерде нақты еңбек ететін азаматтарға ғана берілсін!
Қазақстан Халық партиясы агроөнеркәсіптік кешендерді және ауылдық аймақтарды қуатты дамыту бағдарламасын ұсынады, ол саланың негізгі 6 проблемасын – жер, маман, технология, су (суармалы егіншілік), қаржыландыру, кооперация мәселелерін шешеді.
Біз аграрлық кластерлердің тиімді дамуына мүмкіндік беретін ауыл шаруашылығының жаңа кеңістікті-аумақтық жүйесін жасап, бекітуді талап етеміз!
ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША: Біз ұстанатын қағида – «Азаматтарды қорғау – мемлекеттің міндеті». Біз құқық қорғау органдарын өздерінің басты борышын атқарып, азаматтарға қорған болатын күнге жеткіземіз!
Біз жалпы ішкі өнімнің 3 пайызын елдің қорғанысына бөлуді талап етеміз! Бізге күшті әскер мен мықты аумақтық қорғаныс қажет.
Қазақстан Халық партиясы ел Президенті Қ.Тоқаевтың сыртқы саясаттағы бағытын қолдайды. Ресей, Қытай, Орталық Азия елдері сияқты көршілерімізбен достық қарым-қатынасты нығайту – қауіпсіздік кепілі! Бұл тұрғыда сыртқы саясатты экономикалық прагматизм қағидаты бойынша жүргізу қажет.

ЕЛ ҮШІН! ЖЕР ҮШІН! БИЛІК – ХАЛЫҚҚА!

Тапсырыс беруші: №20 бір мандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Тараз қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Бейсенбай А.Қ.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстары есебінен төленді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.