Қалалық қоғамдық-саяси газет

19 жастағы жігіт жалғызбасты әйелдің үйіне пышақпен кірген

0 1  177

Алматы облысының 19 жастағы тұрғыны түн ішінде жалғызбасты әйелдің үйіне түсіп, қарулы шабуыл жасады деп хабарлады turkystan.kz.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, 19 жастағы ер адам түнде жалғызбасты әйелдің пәтеріне кіріп, оны пышақпен қорқытқан. Солай, жинаған ақшасы мен бағалы заттарын беруді талап еткен.

«Қатты қорыққан жәбірленуші оның айтқандарын бұлжытпай орындаған. Күдікті оның телефонын да иемденіп, кейін мобильдік қосымша арқылы банк шотындағы ақшасын шешіп алған», – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Оның айтуынша, әйелден полицияға арыз түсе салысымен дереу жедел топ құрылған. Нәтижесінде қарақшылық шабуыл жасаған адам анықталып, қамауға алынды.

«Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол – Алматы облысы, Панфилов ауданының тұрғыны», – деп атап өтті полиция өкілі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.