Қалалық қоғамдық-саяси газет

19 жасар жігіт көлік жуу орнындағы сейфті тонап кеткен

0 306

Облыс орталығының 42 жастағы тұрғыны  Тараз қалалық полициясына түнде белгісіз  адамның  қала ішіндегі  көлік жуу  орнындағы кабинетте тұрған сейфтің құлыпын бұзып, 40 мың теңге сомасындағы ақшаны ұрлап кеткені туралы арызданған.

Жедел-іздестіру іс- шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері Тараз қаласының 19 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Аталған дерекке қатысты  Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодексінің  188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау)  бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары  жүргізілуде. Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп,   екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.