Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жылыту маусымы қарсаңындағы үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде

0 340

Жамбыл ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Жамбыл ауданының «Жастар ресурстық орталығы» КММ еріктілерімен және «КазТрансАймақ» қызметкерлерімен бірлесіп жылыту беру маусымы қарсаңында Жамбыл ауданының Аса ауылының тұрғындарына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында қызметкерлер тұрғындарға Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі , пештерді пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы айтып берді
Тұрғын үй секторын аралау барысында жадынамалар мен буклеттерді тарата отырып, өрт қауіпсіздігінің қағидалары мен талаптары түсіндірілді, сондай-ақ бұзушылықтар көрсетілді, төтенше жағдайларды болдырмау үшін оларды жою бойынша кеңестер берілді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.